Главная Новости «Жастар ісі комитетінің» қайта сайлау конференциясы өткізілді
09 қазан 2020                  318784
«Жастар ісі комитетінің» қайта сайлау конференциясы өткізілді

2020 жылдың 09 қазан күні «Жастар ісі комитетінің» кезекті қайта сайлау конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына колледж әкімшілігі, оқытушылары, студенттері және колледж директоры Шалабаева Майра Хусаиновна қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде Жастар ісі комитетінің төрағалығына үміткер Жұман Томирис, Қасымбеков Бағдат, Маликов Бөріхан сайлауалды бағдарламаларын баяндады. Үміткерлердің бағдарламалары алдын ала бірнеше апта бұрын ілініп, студенттер толығымен танысуға мүмкіндік беріліп, талқылау жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, қайта сайлау конференциясына 183 студенттер мен оқытушылар тіркеліп, дауыс беру құқығы берілді.

Дауыс берушілердің шешімімен, жиналған дауыстар саны бойынша 2 дауыс айқын басымыдылықпен озып шыққан «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнім өндірісі» мамандығының 2 курс студенті Жұман Томирис Бағланқызы «Жастар ісі комитетінің» төрайымы болып сайланды.

Жастар комитетінің жаңа құрамына табыстар мен жетістіктер тілейміз!