Главная Новости «Жастар ісі комитетінің» есеп беру конференциясы өтті
09 қазан 2020                  318764
«Жастар ісі комитетінің» есеп беру конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 09 қазан күні «Жастар ісі комитетінің» жыл сайынғы есеп беру – қайта сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына колледж әкімшілігі, оқытушылары, студенттері және колледж директоры Шалабаева Майра Хусаиновна қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде Жастар ісі комитетінің 2019-2020 жылдардағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайлы, комитет төрағасы Исхаков Бақдаулет баяндама жасады.

Баяндамадан белгілі болғандай 2019-2020 жылдар аралығында комитет 8 бағыт бойынша ауқымды іс-шараларды сәтті ұйымдастырған. Жалпы айтқанда комитеттің «Аяла» қайырымдылық ұйымы - 20 шара, мәдениет секторы - 25 іс-шара, спорт секторы 30 спорттық жарыс, тәртіп бақылаушы секторы 7 кездесу, студенттік кеңесі – жатақханада 33 іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру бағыты бойынша студенттер арасынан мобильді топ құрылып, Алматы облысы, Алматы қаласы және басқа да облыстары бойынша белсенді жұмыс жасалынғанын атап өтілді. Комитетке келіп түскен арыздар мен ұсыныстарды колледж әкімшілігімен біріге отырып, шаралар қолданылды.

ҚазИТУ колледжінің оқытушылары мен студенттері тарапынан жұмыс нәтижесі жоғары бағаланып, колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Төленді Олжас Маратұлы комитет белсенділеріне колледждің дамуы үшін қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде комитет төрасы комитет белсенділері атынан студенттер арасындағы әр түрлі мәселелерді шешуде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін колледж басшылығына алғыс білдіріп, барша үміткерлерге сәттілік тіледі.