Главная Новости «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында дәріс сабағы өтті
7 қараша 2020                  318829
«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында дәріс сабағы өтті

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Экономика және Қаржы кафедрасында «Шақырылған қонақ» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы Туризмнің дамуы» атты онлайн дәріс сабағы өтті. 1-курс студенттеріне арналған лекцияны Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Туристер одағының мүшесі, «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» медальінің иегері Устенова Озихан Жанысбекқызы жүргізді. Дәріс-сабақты өтудегі негізгі мақсат студенттерге «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша кең мағұлмат беріп, болашақ мамандарды қазіргі Қазақстандағы туризм саласының даму переспиктивасымен таныстыру. Кездесу барысында Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайына шолу жасалынды. Ішкі және сыртқы туризмнің дамуына кедергілер келтіретін проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстандағы әлемдік туризмнің қарқынды дамып келе жатқан бағыттары, яғни эко- және этнотуризмді дамыту үшін әлеуетінің жоғары деңгейін атап өтті.

Озихан Жанысбекқызы өзі саяхат жасаған көптеген мемелекеттердің туризм саласының артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, еліміздегі туризмнің дамуын өзге елдермен салыстыра отырып, талдау жасады. Айтуынша Қазақстанда туризмді дамытудың көптеген мүмкіншіліктері бар.Ол үшін мемлекеттен инвестиция қарастырылып, сапалы мамандар еңбек етсе тамаша табиғатымыз бен ұлттық бейнеміз арқылы елімізді әлемге танытып, туризм саласы арқылы ел экономикасына да үлкен пайда түсіруге болады.

Қызықты онлайн кездесуге студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Көпшілік сұрақтар шет елдегі туризм және өзге мемелкетке саяхат жасауда ескеретін жағдайлар туралы болды. Озихан Жанысбекқызы студенттердің сұрақтарына толық жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті. Студенттерге арнайы уақыт бөліп, пайдалы әрі қызықты дәріс сабағын жүргізгені үшін Устенова Озихан Жанысбекқызына алғыс білідіреміз!