Главная Новости Жастардың болашағына сенімін арттырған «Ашық есік күні»!
10 апрель, 2017                  318652
Жастардың болашағына сенімін арттырған «Ашық есік күні»!
8.04.2017 ж Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде болашақ студенттер- жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Шараға Алматы қаласынан: № 176, 26, 32, 40, 81,1, 48, 169, облысынан: Іле ауданынан 2 мектеп, Қарасай ауданынан бір мектеп, колледждерден 300-ден астам оқушы қатысты. «Ашық есік күнін» өткізудегі мақсат мектеп оқушыларына жалпы университет жайлы, факультеттерде бар мамандықтар мен университеттің студенттік өмірін баяндап ҚазИТУ дың студенті атануға шақыру. Ашық есік күні сағат 11:00-де оқушылар мен қонақтарды тіркеуден басталды. Оқушыларға университет буклеттері мен лоторея билеттері таратылды.

Университетіміздің мәжіліс залында өткен кездесудің ресми бөлімінде университет ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы оқушылар мен олардың жетекшілеріне ҚазИТУ- дың маман даярлаудағы бағыты,оқытылатын инженерлік-технологиялық мамандықтардың маңызы мен оқу процесі жайлы толық ақпарат берді. Бұдан соң оқушылар университеттің аудиторияларына, лабараториялар, компьютерлік кабинеттері мен ҚазИТУ колледжіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында әр кафедра оқытушылары мамандықтармен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылар ҚазИТУ колледжінің тамақ өнеркәсібі мамандығының студенттері ұйымдастырған жәрмеңкені тамашалады.

Іс-шара соңы Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен өткен концертке ұласты. Концертте әуезді әндер шарқалып,тамаша би мен күмбірлеген күй орындалды. Ашық есік күнінің басты жаңалығы лоторея ойнатылған болатын. Барлық оқушыларға лоторея билеттері таратылып, ұтысқа нетбук тігілді. Лоторея ойнату барысында 10 оқушы сыйлықтар алса, Алматы қаласындағы №81 мектеп - гимназияның оқушысы Серікбев Дәурен нетбук иегері атанды. Жеңімпаздан сұхбат алу барысында Серікбаев Дәурен: «Қазіргі таңда болашақ мамандығымды таңдау үстіндемін. Бүгінгі ашық есік күнінде ҚазИТУ жайлы толық ақпарат алдым. Сонымен қатар, лотореядан нетбук ұттым. Өте қуанышытымын, бүгінгі күннен алған әсерім керемет. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, автобустан түскеннен бастап қарсы алып, үлкен-кіші демей жылы ілтипат көрсетіп жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын. Ертеңге деген сенімім арта түсті, ҚазИТУ тек алға!»- деп өз тілегін білдірді. Ашық есік күні – бұл жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі шара. Аталмыш шара мектеп бітіруші оқушыларымыздың жоғары оқу орнымен танысуына, болашақ мамандығын таңдауда көп көмегін тигізеді деген ойдамыз.

ҚазИТУ-мен арманыңызға қол жеткізуіңізге тілектеспіз!