Главная Новости ҚазИТУ-да қонақта!
09 қараша 2020                  318809
ҚазИТУ-да қонақта!

7-қараша 2020 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне Академик, «Байсерке агро» холдингінің құрылтайшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Темірхан Мыңайдарұлы университетіміздің корпустарымен, студенттер үйімен, ғылыми-лабороторияларымен жалпы университет базасы және оқу процесінің ұйымдастыру барысымен толығырақ танысты. Алдағы уақытта бәсекеге қабілетті агрономия саласындағы сапалы кадрлар даярлап, бірлесе жұмыс атқару мақсатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен «Байсерке агро» холдингінің арасында ынтымақтастық орнату жоспарлануда.