Главная Новости ҚазИТУ колледжінің ұжымы «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында театрға барып қайтты
10 қараша 2020                  318835
ҚазИТУ колледжінің ұжымы «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында театрға барып қайтты

ҚазИТУ колледжінің ұжымы «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрына  барып қайтты, «Бір түп алма ағашы» қойылымын  тамашалады.

Қойылым соңында ұжым оқытушылары театр қызметкерлерімен сұхбаттасып, қойылым барысы, оның идеясы, актерлік шеберліктері туралы пікірлерімен бөлісті. Көріністе сомдалған Ана бейнесіндегі жігерлік, қайраттылық, төзімділік, ананың баласына деген махаббаты секілді қасиеттер үлгі болғанын айтты.

Осылайша, апта соңында күнделікті күйбең тіршіліктен қолы босамайтын оқытушылар бір сәт театрда басы қосылып, рухани азықтанып қайтты. Мұндай іс-шараларға қызметкерлердің жиі қатысуы олардың ұжым арасындағы қарым-қатынастарын нығайтатыны сөзсіз.