Главная Новости ҚазИТУ «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты қалалық форумға қатысты
12 апрель, 2017                  318623
ҚазИТУ «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты қалалық форумға қатысты
ҚазИТУ студенттері 2017 ж. 12 сәуірде Алматы қаласы жастарының басын қосқан «Жастар – жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты студенттік форумға қатысты. Форумның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің қызығушылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру болды. Форумға Алматы қаласы бойынша мемлекеттік және жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент басшылығы, Алматы қаласы жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма басшылығы, Алматы қаласы ЖОО ректорлары мен проректорлары және студенттер қатысты. Форум барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.