Главная Новости Тұңғыш Президент күніне орай семинар өткізілді
30 қараша 2020                  318871
Тұңғыш Президент күніне орай семинар өткізілді

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Бұл мерекенің аталып өтілу себебі Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы орасан зор жетістіктерін таныту мақсатында ұйымдастырылған.

ҚазИТУ колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жүріп өткен өмір жолы, отбасы және шығармашылығы жайлы ақпараттық дәрісте колледж директорының оқу тәжірибе жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлына сөз беріліп, студенттерді сонымен қатар, колледж әкімшілігін мерекемен құттықтады. Студенттердің, колледж әкімшілігінің қатысуымен өткен дәрісті тарих пәнінің оқытушысы Қарақат Қуанышқызы оқып, таныстырды.