Главная Новости «Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы»
30 желтоқсан 2020                  318834
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы»

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті бір іс-шара ретінде «Адалдық сағаты» республикалық акциясын ұйымдастырған болатын. Осы акция аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінің ұжымы және студенттерінің қатысуымен онлайн бейнедәріс өткізілді.

Онлайн форматта өткен шараның мақсаты - жастардың арасында парасаттылық және адалдық, адамдық  идеологиясын насихаттау, яғни жас ұрпақты әділ әрі парасатты болуға ынталандыру, білім алудың маңыздылығын түсіндіру, адамгершілік қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымыздың  жоғарғы орында тұруы.

А.Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Күшті болу үшін – бірлік қажет».