Главная Новости ҚазИТУ колледжінің ғылыми-зерттеу жұмыстары
7 желтоқсан 2020                  318873
ҚазИТУ колледжінің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазіргі уақытта азық-түлік саласындағы маңызды мәселенің бірі болып емдік профилактикалық және арнайы бағыттағы өнімдерді дамыту болып тұр. Патенттік ізденіс нәтижесінде  целиакиямен ауыратын адамдарға арналған глютенсіз ұн өнімдері жатады. Клейковинаға сезімтал целиак ауруы – бұл аш ішектің зақымдануы және жүйелі аутоиммундық көріністері бар иммунозға тәуелді ауру. Осыған байланысты науқастарды сапалы және қол жетімді глютенсіз ұн өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

ҚазИТУ  колледжінде 2 курс 1219000-Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер тобының студенттерімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы зерттеудің мақсаты целиакиямен ауыратын науқастарды арналған глютенсіз кекс технологиясын жасау.