Главная Новости «JAS TÝRIST» II қалалық байқауы
09 желтоқсан 2020                  318784
«JAS TÝRIST» II қалалық байқауы

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының колледж студенттері арасында «Туризм» мамандығы бойынша қашықтықтан «JAS TÝRIST» II қалалық байқауы өткізілді. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстанның ішкі туризмін дамыту, Алматы облысының тарихын және туристік нысандарын тереңнен тану, туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибеін жетілдіру.

Аталмыш байқауға ҚазИТУ колледжінен 2 және 3 курс Туризм мамандығының студенттері қатысып, Сунчалеева Юлия Анваровна жетекшілік жасады.

Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжі иеленді. Сонымен қатар байқауға колледж намысын қорғап, белсенділік танытқан студенттер мен топ жетекшісіне колледж директоры Шалабаева Майра Хусаинқызы өз алғысын білдіре отырып, әрі қарай туризм саласын дамыту жолында жетістіктер мен табыстар тіледі.