Главная Новости Онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті
12 желтоқсан 2020                  318860
Онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті

2020 жылдың 12 желтоқсанында ҚазИТУ колледжінің директоры Шалабаева Майра Хусаинқызы колледж оқытушыларымен студенттері және ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу ZOOM платформасында өтті.

Колледж директоры еліміздегі жағдайды ескере отырып, коронавирустық індеттің таралуын болдырмау үшін мемлекетіміз қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта колледж әкімшілігі осы мәселе бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Колледждің басты мәселесі қашықтықтан білім беру жүйесі болып табылады.

Кездесу барысында колледждің соңғы жетістіктерімен таныстырылып, қысқы сессияның өту тәртібімен қашықтықтан оқу кезіндегі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қысқы сессиядағы емтихандармен сынақтар Moodle және ZOOM платформаларында онлайн тест және бейнеконференция арқылы өтетіндігін түсіндірді. Емтиханды компьютер, ноутбук, смартфон арқылы да тапсыруға болатындығын жеткізді.

Кездесу өте нәтижелі және жоғары деңгейде өтті. Кездесу соңында колледж директоры барша студенттер мен ата-аналарға өз алғысын білдірді.

Колледж студенттері мен ата-аналары кез-келген сұрақтары мен алғыстарын ata_analar_kazetu@mal.ru поштасы мен колл-центрлерге жолдай алады.