Главная Новости Тәуелсіздік күніне орай кураторлық сағаттар өткізілді
15 желтоқсан 2020                  318834
Тәуелсіздік күніне орай кураторлық сағаттар өткізілді

Тәуелсіздік күніне орай колледждің арнайы пәндер оқытушысы, аға кураторы Тұтқышбаева Толғанай Жангелдіқызы 1 курс 1226000 - «Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының студенттерімен ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағатын өткізді.

Кураторлық сағат барысында желтоқсан көтерілісінің тарихы баяндалып, қысқаша видеороликтермен фильмдер көрсетілді. Студенттер арасында Тәуелсіздіктің тарихы талқыланып, «Тәуелсіздік туралы не білесіз?!» тақырыбында викторина өткізілді.