Главная Новости «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында шағын концерт өтті
14 желтоқсан 2020                  318878
«Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында шағын концерт өтті

Қазақстан тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, 2020 жылдың 14 желтоқсан күні онлайн форматта «Тәуелсіздік-тірегім» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шара барысында Тәуелсіздіктің тарихы туралы видеороликтер мен фильмдер көрсетіліп, Дауирбекова Бахроза, Рахымжан Аяна және Тоқтарбай Арайлым  патриоттық өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, Жұман Томирис желтоқсан көтерілісімен қазіргі кездегі еліміздің жетістерін баяндап берді.

Шара соңында Жастар ісі комитетінің белсенділері «Мен еліммен мақтанамын!» тақырыбында колледж студенттеріне челлендж жолдайтынын жеткізіп, оқытушылар мен студенттерді мерекелерімен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік пен келісім, Отанымыздың игілігіне бағытталған еңбекте жаңа жетістіктер тіледі.