Главная Новости «Менің туған өлкем» сайысын қорытындылау
14 желтоқсан 2020                  318838
«Менің туған өлкем» сайысын қорытындылау

14 желтоқсан күні «Менің туған өлкем» атты танымдық бағыттағы іс-шарасын   қорытындылау конференциясы өтті. Конференцияға колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференция барысында Юлия Анваровна студенттердің презентацияларын қысқаша шолу жасап, жоғары баға берді.

Іс-шараны қорытындысы бойынша 3 орынды Бауэр Дархан Владимирович иеленсе, 2 орынға Құдайберген Ғазиза Қамбарқызы ие болды. Орманова Малика Ерланқызы 1 орынды қанжығасына байлады.

Колледжіміздің директоры Шалабаева Майра Хусаинқызы қорытынды сөз сөйлеп, студенттерді орындарымен құттықтады. Сайысқа қатысушылардың презентацияларын жоғары деңгейде жасалғанын атап өтіп, белсенділік танытып, қатысқан студенттерге өз алғысын білдірді.
Жүлделі орындарды иеленген және мен барша қатысқан студенттерге алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, шындала беріңіздер деп тілейміз!