Главная Новости «Bauyrsaq PARTY»
14 желтоқсан 2020                  318783
«Bauyrsaq PARTY»

2020 жылдың 15 желтоқсанында колледжімізде Тәуелсіздік күніне орай «Bauyrsaq PARTY» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарға колледж оқытушылары қатысты. Тегін бауырсақ тарату шарасы дегустация, яғни дәмін көріп, баға беру арқылы жүргізілді.

Әр ұлттың өз табиғаты мен жаратылысына сай, ұлттық салт-дәстүрімен өзектес ұлттық тағамдарының қатарына жататын бауырсақ әр қазақ отбасының дастарханынан табылады. Қазақ асханасының негізгі тағамдарының бірі болып саналатын бауырсақтың дәмі көпшіліктің көңілінен шықты.