Главная Новости ҚазИТУ колледжінде онлайн дөңгелек үстел өтті
29 желтоқсан 2020                  318797
ҚазИТУ колледжінде онлайн дөңгелек үстел өтті

29.12.2020 ж. күні ҚазИТУ колледжінде «Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары, технологиялық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Семинарға колледж оқытушылары қатысты. Семинар қонақтары: «Nokia» компаниясының өкілі Маркин Бакыт Бахытчанович, ЖШС «Ком Инжиниринг» компаниясының бас директоры Смаханов Арман Ержанович.

Кездесу барысында колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Төленді Олжас Маратұлы ТжКБ білім беру жүйесінде алдымыздағы жылы енгізілетін өзгерістер мен жаңалықтарды айтып, қазіргі таңда қоладыныстағы типтік бағдарламалардағы арнайы пәндердің мазмұнына жұмыс берушілердің сұраныстары және қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтар каталогы жасақталып жатқандығы туралы хабарлады. Жұмыс берушілер тарапынан қатысқан қонағымыз ТОО «Ком Инжиниринг» компаниясының бас директоры Смаханов Арман Ержанович  1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша кейбір арнайы пәндердің болашақта қажет емес екендігін жеткізіп, басқада дамыған мемлекеттердің білім беру саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, арнайы пәндердің бағдарламасын жаңашаландыру керектігін атап өтті. Осы орайда «Nokia» компаниясының өкілі Маркин бакыт Бахытчанович 1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пәндердің бағдарламасын қайта әзірлеу және жаңа пәндер енгізу жұмыстарын жүргізу керек екенін тілге тиек етті. Жұмыс берушілердің ең басты ұсыныстары: мамандыққа арналған зертханалық орталықтар ашу, мамандыққа сәйкес семинарлар мен конференциялар өткізу, басқа мемлекеттердің білім беру бағадарламаларымен тәжірибе алмасу, жаңадан арнайы пәндер енгізу, арнайы пәндерді қазіргі заманға сай білім беру бағдарламасын әзірлеу және студенттер өндірістік тәжірибесінен өту барысында арнайы пәндердегі теорияларын толық пайдалана алуы.

Кездесу соңында колледж оқытушары жұмыс берушілерге өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Колледж директоры М.Х.Шалабаева дөңгелек үстелге қатысушыларға ұжым атынан Алғысын білдіріп, қорытындылады.