Главная Новости В гостях у студии КазИТУ -Марат Омаров!
27 января 2021                  318734
В гостях у студии КазИТУ -Марат Омаров!

27 қаңтар 2021 жыл «ҚазИТУ студиясында» қонақта - Марат Омаров болды. «Мәдениеттану» сабағы аясында ұйымдастырылған кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, оқытушылар, студенттер, ата-аналар мен мектеп оқушыларының қатысуымен болды. Марат Омаров - танымал әнші, сазгер. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисті, халық ықыласына бөленген көптеген хит әндердің авторы.
Кездесу сұхбат алмасу түрінде өтті. Марат ағамыз өзінің өмір жолындағы өнері туралы өткен күндер тарихындағы оқиғалары туралы әнгімелеп берді. Жастарға жаны қалаған іспен айналысып, өз мамандықтарының кәсіби маманы болуға шақырды. Бүгінгі қазақ өнерінің дамуы туралы баяндап, халықарлық аренада танылып жүрген таланттарымыздың жетістіктеріне де тоқталды. Осыған дейін көптеген шет елдерде өнер көрсеткен әнші Қазақстанның салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен және әуендерімен таныстырып, осы арқылы қазақ өнерін жоғары деңгейге көтеру мақсаты екендігін айта кетті.


Студенттер ағамызға өз сұрақтарын қойып өздерінің армандары мен жоспарлары туралы пікір алмасты. Олар құрметті қайраткерді және оның тың идеяларын қолдады. Марат Омаровтың хитқа айналған "Коронавирус, кет, кет, кет" әнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Сонымен қатар "Бақытты күндер, кел, кел, кел" атты жаңа жағымды, мотивациялық композициясын студенттер назарына ұсынды.
Кездесу соңында құрметті қонағамыз өзінің репертуарындағы керемет әндерді орындар студенттерге тамаша көңіл-күй сыйлады.


Студенттерге: «Талпыныс қашанда адамды жетістікке жетелейді. Сіздерде тек жақсы білім алып, кәсіби білікті маман болуға талпыныңыздар! Жарқын болашақтың ұлағатты ұрпағы сіздерсіздер. Сондықтан естілердің сөзін естіп, көпті көргеннің ақылын тыңдаңыздар! «Бүгінгі күн-ертеңі тарих»-деп текке айтылмаған. Өз білімдеріңізбен, еңбегіңізбен еленіп ертең ел тарихында қалатын тұлға болыңыздар! Жолдарыңыз ашық болсын!»-деп тілегін арнап, ақ батасын берді.
Бізде Марат ағамызға мықты денсаулық, биік самғау, шығармашылық табыс тілейміз!

Студенттік баспасөз қызметі