Главная Новости ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ!
04 ақпан 2021                  318908
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ!

Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы. Ол қазақ әдебиетінің қоржынын ғажайып туындылармен толтырған тұлға. Осыған орай ҚазИТУ студенттері арасында "Жас қаламгер" клубының ұйымдастыруымен “Әр өлеңі-бір әлем” атты шығармашылық байқау жариялаймыз!
Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді. «Поэзия меніменен егіз бе едің?!”- ақынның кез келген өлеңін мәнерлеп оқу.
”Жырлайды жүрек”- ақынның сөзіне жазылған әндерін орындау.
”Менің арнауым” - ақынға арнап өлең шығару.



Байқауға кез- келген бағыт бойынша қатысып видео түсіріп,өз инстаграм парақшаңызда #қазитубайқау хештегімен және @kazetu_university аккаунтын белгілеп жариялайсыз.
Байқау қорытындысы: 10.02.2021 жылы анықталатын болады.
Сәттілік!