Главная Новости «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті
29 қаңтар 2021                  318849
«Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

Жастар арасындағы діни экстримизмді және діни сауатсыздықты жою мәселесі бойынша КММ «Дін мәселерін зерттеу орталығының» мамандары ҚазИТУ колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру.

Жиын барысында дінге барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында ислам дінінің атын жамылып, халықты түрлі бағыттарға бөліп жүрген ағымдар мен қозғалыстардың  кең қанат жаюына және ислами ағымдарға, тиым салынған террористік  партияларға, олардың мақсаттары мен іске асырған террористік актілерінің жүзеге асуына әрбір мемлекет пен  мемлекет  азаматы қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс.