Главная Новости ҚазИТУ-да университет Ректорымен кездесу өтті
17 апрель, 2017                  320919
ҚазИТУ-да университет Ректорымен кездесу өтті
14-сәуір Қазақстан инженерлік технологиялық - университетінде университет ректоры, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы мен студенттердің жылдағы үрдіс бойынша кездесуі өтті.

Кездесудің ерекшелігі тек университет басшысы мен студенттер ғана қатысты. Мақсат: студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, кейбір шешілмеген мәселелерді талқылау. Студенттер алдын ала қойылған сұрақ жәшігіне және электронды поштаға сұрақтарын жіберуге мүмкіндік жасалған болатын. Кездесуді ашқан университет ректоры өз сөзінде университеттің қарқынды дамып келе жатқандығын, университеттің дамуында студенттердің үлесі зор екендігін, адам өмірінің ең жақсы кезі студенттік өмірдің қызықтары жайлы айтып өтті.

Жиын барысында оқу ақысына, жатақхана мәселесіне, әскери кафедра, мемлекеттік және ректорлық грант, спорт алаңы, сабақтан тыс уақытта спорт залдарды пайдалану, өндірістік практиканың ұйымдастырылуы жайлы студенттер тарапынан сауалдар қойылды. Студенттер университетке қажет музыкалық аппаратура, фотоаппарат, бейне камераларды жаңалап беруін сұрап, үйірмелер саны артуына байланысты концерттік костюмдердің жетіспейтіндігін айтты. Нұрлан Мұқанұлы барлық сауалдарға толықтай жауап беріп, алдағы уақытта студенттердің өтініштерін орындап шешілмеген мәселелер жайлы жұмыс атқарып, жақсы білім алуға, студенттік шақты қызықты өткізуге жағдай жасайтындығын баяндады.

Кездесу соңында университет ректоры студенттерді жан-жақты белсенділікке және үлкен ұжымның бір бөлшегі ретінде бірге жұмыс жасап,сапалы білім алуға шақырды.