Главная Новости Кәсіптік бағдар беру жұмысы Түпқараған ауданында жүргізілді
1-3 ақпан 2021                  318790
Кәсіптік бағдар беру жұмысы Түпқараған ауданында жүргізілді

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Түпқараған ауданының Білім Бөлімінің басшысының ұсынысымен аудандағы 11 мектеппен онлайн ZOOM платформасы арқылы ҚазИТУ колледжінің өндірістік оқыту шебері Сарсенов Алтынбек Жарылкапулы жүргізді. 

Мектептермен кездесу барысында 9-11 сынып түлектеріне колледждің тарихы, артықшылықтары, дайындалатын мамандықтары, жетістіктері мен табысты жұмыстары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, оқу орнының тұрмыс тіршілігі oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, құжаттарды тапсыру мерзімі, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр және талапкерлерге арналған іс-шаралар туралы aқпaрaт берілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып және оларға толық жауаптар берілді.

ҚазИТУ колледжі Түпқараған ауданының Білім Бөліміне өз Алғысын білдіреді.