Главная Новости Кәсіптік бағдар беру жұмысы Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілді
20-22 қаңтар 2021                  318883
Кәсіптік бағдар беру жұмысы Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілді

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Еңбекшіқазақ ауданының Білім Бөлімінің басшысымен келісе отырып, аудандағы мектептермен онлайн ZOOM платформасы арқылы ҚазИТУ колледжінің физика пәнінің оқытушысы Бердіғожа Ақжүніс Омарқызы жүргізді. 

Мектептермен кездесу барысында 9-11 сынып түлектеріне колледждің тарихы, артықшылықтары, дайындалатын мамандықтары, жетістіктері мен табысты жұмыстары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, оқу орнының тұрмыс тіршілігі oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, құжаттарды тапсыру мерзімі, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр және талапкерлерге арналған іс-шаралар туралы aқпaрaт берілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып және оларға толық жауаптар берілді.

ҚазИТУ колледжі Еңбекшіқазақ ауданының Білім Бөліміне өз Алғысын білдіреді.