Главная Новости «Абайдың ғақлиясы» тақырыбында студенттер арасында онлайн сайыс өтті
12 ақпан 2021                  318932
«Абайдың ғақлиясы» тақырыбында студенттер арасында онлайн сайыс өтті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайдың ғақлиясы» тақырыбында ҚазИТУ колледжінің студенттері арасында онлайн сайыс өтті. Сайыс мақсаты: ұлы ақын Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету.

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткен іс-шараға 1 курс студенттері қатысып, берілген қара сөздің мағынасын ашып, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, қара сөздеріндегі негізгі ойды жеткізді.

Байқауға колледж директорының оқу тәжірибе жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлы және Ақзат Болатовна, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Роза Суюндыковна төрелік етіп, студенттерге жүлдері орындар берілді.

Абайдың «Ғақлиясын» немесе қара сөздеріндегі негізді ойды танымды түрде жеткізе білгені үшін жүлделі 3 орынға ие болған 1 курс «Туризм» мамандығының студенті Қуатбек Жазира, «ВТиПО» мамандығының студенті Сорокопудова Евгения және «СмС» мамандығының студенті Жақсылық Еркежан. Жүлделі 2 орынды иеленген «ВТиПО» мамандығының студенті Жуков Илья, Иемберген Аяулым. Жүзден жүйрік шығып 1 орынға ие болған 1 курс «Туризм» мамандығының студенті Алшын Ерсұлтан.

Қатысып, белсенділік көрсеткен барлық студенттер Алғыс хаттармен марапатталды. Орындарға ие болып, көзге түскен студенттерді Құттықтаймыз!