Главная Новости Бизнес-инкубатор «BIK» ҚазИТУ жобасының онлайн конференциясы өтті
16 ақпан 2021                  318962
Бизнес-инкубатор «BIK» ҚазИТУ жобасының онлайн конференциясы өтті

Бизнес-инкубатор «BIK» ҚазИТУ жобасы колледж ұжымына ZOOM онлайн платформасында жоба менеджері - Селбаева Динаш Мурзатайқызы таныстыру жүргізді.

Жобаның мақсаты – студенттердің, магистранттардың, университеттің жас ғалымдарының және басқа да мүдделі тараптардың ғылыми әзірлемелері мен бизнес-идеяларын жүзеге асыру және оған жағдай жасау болды. Қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттарға білім беру және нақты нарықтық жағдайда бизнесті қалай жүргізу керектігін түсінуге мүмкіндік беру және олардың айқын қателіктер жіберуіне жол бермеу екендігін түсіндірді. Таныстырылым барысында Бизнес-инкубатор «BIK» ҚазИТУ жобасының жол картасы талқыланып, атқарылатын жұмыстар атап өтілді. 

Бұл жобаның тиімділігі – мүмкіндігінше  студенттер мен магистранттарды қабылдау, олардың көпшілігі негізгі оқу курсының шеңберінде қарастырылмаған практикаға бағытталған оқудан өткізу, бизнеске бағыттау және қолдау болып табылады.

Семинар  соңында сұрақтар қойылып,  бизнес идеясы  бар адамға мүмкіндіктер  қарастырылатындығын, жоба менеджерлерінен бағыт-бағдар  берілетіндігін атап өтті.