Главная Новости Таза табиғат- денсаулық кепілі!
17 апрель, 2017                  318659
Таза табиғат- денсаулық кепілі!
Өткен сенбі (15.04.2017ж.) Алматы қаласы бойынша жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылған болатын. ҚазИТУ ұжымы да бұл шарадан шет қалмады. Таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап университет басшылығымен қатар оқытушылар, студенттер, техникалық қызметкерлер қызу жұмысқа кірісті. Университет айналасын тазалау, ауланы абаттандырыу, ағаш түптерін әктеу т.б жұмыстар жасалынды. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» дегендей тазалық жұмыстарына барлық ұжым ұйымшыл түрде ат салысты. Сенбілік нәтижесінде оқу орнымыздың аумағы қыстан кейін жаңарып, айнадай жарқырады.

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат». Табиғатты қорғап, айналамызды таза ұстау басты парызымыз.