Главная Новости ҚазИТУ-да қонақта!
16 ақпан 2021                  318863
ҚазИТУ-да қонақта!

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» басқарма төрайымы Исаева Гүлмира Сұлтанбаевна және Алматы қаласы академиялық қалашықта орналасқан ғылыми зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлері жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында қонақтар университетіміздің корпустарымен, студенттер үйімен, ғылыми-лабороторияларымен жалпы университет базасы және оқу процесінің ұйымдастыру барысымен толығырақ танысты.

Алдағы уақытта бәсекеге қабілетті агрономия саласындағы сапалы кадрлар даярлап, бірлесе жұмыс атқару мақсатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» арасында ынтымақтасатық келісімшартына қол қойылып, бірнеше бағыттар бойынша:
 Ғылыми-зерттеу жобаларына бірлесіп орындаушы ретінде қатысу,
 Білімді тарату бойынша орталықтандырылған оператор болып табылатын ҰАҒБО жобасына ҚазИТУ профессор-оқытушылар құрамының қатысуы
 «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ғалымдарының ҚазИТУ студенттеріне магистранттарына ашық лекциялар жүргізуі;
 «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында» студенттердің тағылымдамалар мен тәжірибеден өтуі мақсатында іс-шаралар өткізу және тағы да басқа жұмыстар жүргізу жоспарлануда.