Главная Новости Білім жолын дамытудағы бірлескен жұмыс
19 feburary 2021                  318892
Білім жолын дамытудағы бірлескен жұмыс

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті 12 ақпан 2021 жылы ШҚО білім басқармасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан аймақтық орталығы» өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҰБТ-ға дайындық мақсатында 11 сынып оқушыларына арналған автоматтандырылған форматтағы диагностика бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру бірлескен алаңдарын өткізу, оқытушылар мен ЖОО студенттері, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арналған аймақтық іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумның баптары талқыланды.