Главная Новости ҚазИТУ колледжінде полиция қызметкерімен кездесу өткізілді
17 апрель, 2017                  318700
ҚазИТУ колледжінде полиция қызметкерімен кездесу өткізілді
2017 жылдың 13 сәуірінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Бостандық ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Ә.М.Әлімбековамен кездесу өткізілді. Әңгіме барысында Алматы қаласының қылмыстық ахуалымен таныстырып, ҚР Қылмыстық Кодестің № 194 бабы (бопсалау) және осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.

Студенттердің өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Болатбекұлы Ұлықбек колледж жатақханасында тәртіп бұзушылық жағдайлары болмағандығын мәлімдеді.

Университет проректоры Г.А.Сарсенбекова Полиция майоры Ә.М.Әлімбековаға құқықбұзушылықтың алдын алу шараларымен таныстырғаны үшін алғысын білдірді.