Главная Новости Құрметті ҚазИТУ арулары!
24 ақпан 2021                  318858
Құрметті ҚазИТУ арулары!

Құрметті ҚазИТУ арулары! Сіздерді «ҚазИТУ аруы - 2021» байқауына қатысуға шақырамыз!
ҚазИТУ аруы - 2021 - бұл жай ғана сұлулық байқауы емес! br> Бұл- жан мен тән сұлулығы үйлескен тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, жарық дүниедегі әдемілік пен сұлулықтың тәңірісі деп бағалаған нағыз қазақ қызының байқауы.
Сұлулар сайысының мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерлі өрендерге қолдау көрсету және карантин уақытында студенттердің бос уақытын ұтымды пайдалану.
«ҚазИТУ аруы 2021» байқауының жалпы жүлде қоры – 100 000 теңге!
«ҚазИТУ аруы» байқауының кезеңдері:
1. Online фотосайыс – әрбір қатысушы ару өзінің классикалық және қазақи нақышта түскен таңдаулы екі суретін(мүмкіндік болса жоғарғы сапада, фотосессиялық сурет) жібереді. Әлеуметтік желі арқылы көп дауыс жинаған арулар келесі кезеңге өтеді.
2. «Кел ҚазИТУ-ға» - әрбір қатысушымыз 20 жасқа толып жатқан оқу ордамызды енді мектеп табалдырығымен қоштасатын талапкерлерімізге таныстыру. ҚазИТУ-ды жайлы толық ақпарат беріп, қыр-сырын аша білген және талапкерлерді қызықтыратын қатысушылар келесі кезеңге өтеді.
3. Шығармашылық кезең – қатысушылар тұла бойына дарыған кез-келген өнерін (ән, би, поэзия, драмалық қойылым, ғылыми жаңалық, аспаздық шеберлік т.б) 1 минуттық ролик жасап, #ҚазИТУ2021 хэштегімен инста парақшасына салу керек.
4. Interview - осы кезеңге өткен барша қыздарымызбен Zoom платформасы арқылы сұрақ - жауап және сұхбат өткізу. Сұхбат барысында қыздарымызға әлемдік мәселелерге және еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты сұрақтар қойылады.
Егер сіз сұлулық мен парасаттылықтың тәжіне таласып, нағыз “ҚазИТУ аруы” атанғыңыз келсе біз сізді байқауға қатысуға шақырамыз!