Главная Новости БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ
25 ақпан 2021                  319145
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті биология және аралас ғылымдар, өндірістік және өңдеу салалары бойынша сұранысқа ие қабілетті сапалы мамандар даярлап, бірлесе жұмыс атқару мақсатында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Келісімшарт негізінде алдағы уақытта «Ұлттық биотехнология орталығымен» бірлесе келесі бағыттар бойынша жұмыс атқару жоспарлаунда:
 Орталықтың «Иммунохимия және биотехнология зертханасы», «Өсімдіктер биотехнологиясы және селекция зертханасы», «Экологиялық биотехнология зертханасы», «Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасы», «Өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасы», «Генетикалық инженерия зертханасында» ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

 Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарын Орталықта орындау және Орталық қызметкерлерінің Университеттегі оқу процесіне қатысуы;
 Университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің Орталықта тәжірибе алу;
 Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы аясында агрономия, биология және онымен байланысты ғылымдар, өндірістік және өңдеу салалары дайындау бағыттары бойынша бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторанттарды дайындау;
 Агрономия, биология және онымен байланысты ғылымдар, өндірістік және өңдеу салалары дайындау бағыттары бойынша Университет студенттерінің кәсіптік практиканы (оқу, өндірістік, диплом алды) және магистранттардың, PhD докторанттарын ғылыми тағылымдаманы өтуге көмек көрсету;