Главная Новости Ағылшын тілі пәні бойынша «Linguist» интелектуалдық ойыны өтті
24 ақпан 2021                  318941
Ағылшын тілі пәні бойынша «Linguist» интелектуалдық ойыны өтті

ҚазИТУ колледжінде ағылшын тілінің оқытушысы Жұлдыз Нұрсағатқызының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні бойынша «Linguist» интелектуалдық ойыны өтті.

Үш кезеңнен тұратын интелектуалдық ойынға 1-курс студенттері қатысып, директордың оқу тәжірибе жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлы, арнайы пәндер оқытушысы Арайлым Абдугалиевна және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Арайлым Махажанқызы төрелік етті.

Интелектуалдық ойынның 1-кезеңінде ұяшықтарды таңдау арқылы студенттер сұрақтарға жауап берді. 2-кезеңде ағылшын тілінде мақал-мәтелдердің қазақша аудармасын тауып, мағынасын ашты. 3-кезеңде логикалық сұрақтарға жауап беріп, шешімін тапты.

Қызықты әрі танымды түрде өткен ойынның қорытындысы бойынша «Белсенділер» номинациясымен 1-курс «СМС» мамандығының студенттері Берікұлы Арнұр және Берікұлы Елнұр марапатталды. «Жас зияткерлер» номинациясымен «Туризм» мамандығының студенттері Алшын Ерсұлтан және Нусупбеков Мирас марапатталды. Жүлделі 3-орынға ие болған «ЕТжБҚЕ» мамандығының студенттері Колдышев Максим және Мукашев Сырым. Жүлделі 2-орынға ие болған «РжБ» мамандығының студенті Тұрдалы Дидар. Топ жарып, бас жүлдеге ие болған ақылы қазақ бөлімінің студенттері Сарсенбай Бағжан және Қайнен Сымбат.

Түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!