Главная Новости ҚазИТУ-да Академиялық адалдықты қолдауға арналған семинар өтті
12 апрель, 2017                  318668
ҚазИТУ-да Академиялық адалдықты қолдауға арналған семинар өтті
Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде 2017 ж. 11 сәуірінде оқытушылар, магистранттар мен студенттердің қатысуымен семинар өтті. Университет проректоры Гульнар Сарсенбекова кіріспе сөзінде сапаны қамтамасыз етудегі академиялық адалдық пен академиялық еркіндікті қолдауға арналған шаралардың орнына тоқталып, олардың кең жүргізіліп, үлкен қолдауға ие екендігіне тоқталды.

Семинар жұмысы барысында университетте академиялық нормалардың бұзылуына әкеліп соғатын: көшіру, плагиат; дайын оқу материалдарын (реферат, курстық, бақылау, және басқа да жұмыстар), жеке жұмысының нәтижесі ретінде пайдалану, Интернет-ресурстарын шеттен тыс пайдалану; сабаққа қатысу тәртібін әлсірету, т.б. мәселелер қозғалды.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі Асылжан Аманкельдиев «Антиплагиат КазИТУ» университеттік бағдарламаның ерекшелігі, мақсат-міндеттері бойынша баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кейбір тұстары пысықталды.

Семинарды қорытындылай келе проректор бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстарының барлығы плагиатқа қарсы бағдарлама арқылы тексерілетіндігін айтып, оқытушыларға сапалы білім арқылы кәсіби білікті маман болып студентті шығарудағы еңбектеріне табыс тіледі.