Главная Новости «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті
04 наурыз 2021                  318929
«Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті

ҚазИТУ колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Арайлым Махажанқызы және Гүлжайна Мәнбайқызының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдыгына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында эссе жазудан жарыс өтті.

Жазылған эсселер қазылар алқасының мүшелері: директордың оқу-тәжірибе жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейргуль Муратбековна тапсырылды.

Қорытынды шешім бойынша, барлық ережелері сақталып жазылған эсселерге орындар тағайындалды.

Бас жүлдені 1-курс «СМС» мамандығының студенті Базарбек Аяна иеленді, ІІ орын иегері 1-курс «Құқықтану» мамандығының студенті Айтынбай Нұрсая, ІІІ орын 1-курс «Туризм» мамандығының студенті Нұрхатова Жансаяға берілді. Белсенділік танытып, қатысқандары үшін 1-курс «Құқықтану» мамандығының студенті Сарбекова Аяулым және 1-курс «ТиОПППП» мамандығының студенті Дауирбекова Бахрозаға алғыс білдіреміз!