Главная Новости «Бабаларым, рақмет сендерге!» тақырыбындағы поэзия кеші
16 наурыз 2021                  318884
«Бабаларым, рақмет сендерге!» тақырыбындағы поэзия кеші

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды. Осыған орай 16 наурыз – «Бабаларды еске алу және бата күні» болып атап өтілді.

Бабалар күнін атап өту, еске алу мақсатында ҚазИТУ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Арайлым Махажанқызы «Бабаларым, рақмет сендерге» атты онлайн поэзия кешіп өткізді.

Кеш барысында Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев секілді ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін студенттер жатқа айтып, мәнерлеп жеткізе білді. Онлайн түрде өткен іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.