Главная Новости «Болашақ кәсіпкер» тақырыбында онлайн сайыс өтті
26 февраля 2021                  318903
«Болашақ кәсіпкер» тақырыбында онлайн сайыс өтті

26.02.2021 жылы «ZOOM» платформасында "Қазақстан инженерлік технологиялық университеті колледжінің" "Экономика және қаржы" ПЦК арнайы пәндер оқытушылары Селбаева Д.М. және Тұтқышбаева Т.Ж. ұйымдастыруымен және "BIK" бизнес инкубаторының қолдауымен студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіпкерлік негіздері саласында білім деңгейін арттыру мен дарынды жастарды анықтау үшін колледждің 3 курс студенттері арасында сабақтан тыс іс-шара «Болашақ кәсіпкер» тақырыбында онлайн сайыс өткізілді.
Сайысқа барлығы 5 бизнес жоба ұсынылып, қатысушылардың бизнес жоспарларын бағалауға арнайы сараптамалық кеңес құрылды. Сарапталық кеңес құрамына Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Татибеков Бауыржан Нурланович және Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чаяхметова Мейргуль Муратбековна тағайындалды. 
Сайыс заманауи форматта, қызықты өтті. Сарапшылардың шешімі бойынша «Болашақ кәсіпкер» Туризм тобының студенті Құдайбергенова Ғазиза атанды. «Ең үздік жоба» номинациясын «Жалын» тобы, Жаңабек Ақбота және Баймаханова Айым иеленді, «Үздік қатысушы» номинациясын  ТМТӨТжҰ тобының студенті Бекбатыр Мөлдір алды. «Үздік топ» номинациясын Туризм тобының студентері Шингисбек Балымай және Заркынова Айдана иеленді. «Үздік ой»  номинациясымен Әділхан Бекзат ерекшеленді. Сайыстың қорытынды бөлімінде қатысушы студенттер  сарапшылар кеңесі мүшелеріне өзекті де қызықты сұрақтарын қойып, болашақта бизнес жолында керекті жауаптарды ала алды.