Главная Новости Ағылшын тілінен өткен олимпиаданың қорытындысы шықты
20 наурыз 2021                  318872
Ағылшын тілінен өткен олимпиаданың қорытындысы шықты

Колледжіміздің ағылшын тілі пән оқытушысы Жұлдыз Нұрқасымқызының ұйымдастыруымен өткен олимпиаданың қорытындысы шықты. Алғашқы кезеңі тест түрінде өткен олимпиаданың ІІ кезеңінде ағылшын тілінде эссе жазу болды.

Мазмұны мен грамматикалық жағынан тексеріліп, эссенің барлық талаптарына сай келген жұмыстар бағаланды.

Қорытынды шешім бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындарға ие болды:  

І орын "Құқықтану" мамандығының 1 курс студенті Сарбекова Аяулым;

ІІ орын “Туризм" мамандығының 1 курс студенті Сарсенбай Бағжан және "ЕТжБҚЕ" мамандығының студенті Ертуғанова Айгерім;

ІІІ орын "Менеджмент" мамандығының 1 курс студенті Қайнен Сымбат және "СМС" мамандығының студенті Ерболат Мұрат.

Жүлделі орындарға ие болған белсенді студенттерімізді құттықтаймыз!