Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры "Саланың кәсіби маманы" бағдарламасы аясындағы ашық лекция
21 наурыз 2021                  318935
"Саланың кәсіби маманы" бағдарламасы аясындағы ашық лекция

26.02.2021 ж. ҚазИТУ - дың " Саланың кәсіби маманы" бағдарламасы аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Даумова Гүлжан Камалбекқызының "Еңбекті қорғау жағдайын қадағалау және бақылау қызметі" тақырыбында университет студенттері мен оқытушыларына арналған қонақ дәрісі онлайн режимінде өтті.

Қазіргі уақытта еңбекті қорғау қызметі кәсіпорындарда бірінші орындарға қойылып, жұмысшылардың денсаулығын сақтау, жазатайым жағдайлар, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың санын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік саясатының басымдылығы ретінде қарастырылуда. Сондықтан университетімізге шақырылған лектордың аталған тақырыптағы дәрісі өзекті және қажетті деп айтуға болады. Дәріс заманауи талаптарға сай визуалды иллюстративтік материалдармен презентация ретінде өтті. Оқылған дәрістегі блок-схема, график түріндегі көрнекі материалдар маңызды ақпараттар мен негізгі анықтамалардың, жалпы тақырыптың мәнін ашып, тыңдармандарға жеңіл қабылдануға септігін тигізді.

Сонымен қатар, аталған дәріс тақырыбы бойынша Даумова Гульжан өзі қосалқы жұмыс жасайтын Өскемен металлургиялық кешені «Қазмырыш» кәсіпорынының мысалында қосымша видеоматериалдарды көрсетіп, оны аудиториямен талқылау кезінде өндірістегі еңбекті қорғауды бақылау қызметі, қауіпсіздік техникасы, қауіп-қатерлерді бағалауға байланысты өз ойларымен, өндірісте алған тәжірибесімен бөлісті. Оқылған дәріс өндіріспен тығыз байланыста болғандықтан, және де нақты кәсіпорындағы жағдайды көз алдына елестеткен тыңдармандар үлкен қызығушылық танытып, лекторға сұрақтар қойды. Студенттер мен оқытушылар қауымы көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пікірлермен бөлісті. Танымдық дәріс 1 сағат 15 минут уақыт мерзімінде өтіп, көптеген жаңа, қызықты материалдарымен есімізге сақталып қалды.