Главная Новости Волейболдан турнир өтті.
22 наурыз 2021                  318983
Волейболдан турнир өтті.

Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде Наурыз мейрамын атап өту аясындағы «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай, университетіміздің 20 жылдығына арналған волейболдан студенттер мен университет қызметкерлері арасында турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын уағыздау мен қатар, студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты нығайту болды. Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар алты топқа бөлініп, демеушілеріміз ұсынған біріншілік кубогін сарапқа салды.

Командалар арасындағы тартысты өткен сайыста бабы мен бағы келіскен «Есептеу техникасы автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының 1 курс студенттерінен құралған «ВТАиТ» командасы кәсіби шеберліктерін танытып, 1-орынға ие болса, 2-орын университетіміздің департамент қызметкерлерінен құралған «ҚазИТУ» командасы жеңіп алды.

Жүлделі 3 - орынға ҚазИТУ колледж қызметкерлерінің командасы жайғасты. Сондай-ақ, жақсы ойын өрнегімен көзге түскен ойыншылар «Ең үздік шабуылшы» «РЭТ» білім беру бағдарламасының 1- курс студенті Салықжан Даулетбек, «Ең үздік ойыншылар» «Информатика» білім беру бағдарламасының 1- курс студенті Дюсенбинова Дильназ және үздік ойындары үшін ҚазИТУ ректорының мақтау қағазымен марапатталды.

Арнайы доп додасына демеушілік жасағаны үшін университетіміздің ата-аналар қауымдастығының мүшесі Ержан Зейнелғабденұлына алғыс білдіреміз!