Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихқа тағзым» куніне орай онлайн-форматта кездесу ұйымдастырды.
28 наурыз 2021                  319002
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихқа тағзым» куніне орай онлайн-форматта кездесу ұйымдастырды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихқа тағзым» куніне орай онлайн-форматта кездесу ұйымдастырды. Тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін зерттеп қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және әрқашан есте сақтап, насихаттау арқылы Қазақстандық патриотизм мен тарихи жадыны қалыптастыруда маңызды болып табылады.

Кездесудің құрметті қонағы «ЭГЕ» университетінің докторы, профессор,түрколог, қыпшақтанушы ғалым Мустафа Өнер (Туркия,Измир) болды. Кездесу барысында Мустафа Өнер мырза тың деректер келтіре отырып қазақ тілінде Қазақстанның орта ғасырлық тарихы мен Алаш тарихына байланысты көптеген қызықты мәліметтермен бөлісті. Кездесуге университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Атап айтар болсақ, тарих ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Б. Қабдушев (АУЭС), Г.Шашаева (МАБ), Шамшиденова Ф (ҚазҰҚПУ), С. Сағынаева (Нархоз). Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды. Мустафа Өнер мырза келешекте кездесуге дайын екендігін айтып өтті.