Главная Новости Сіздің біліміңіз сізге – жүздеген есіктерді ашып, мыңдаған мүмкіндікке жеткізеді!
05 сәуір 2021                  318941
Сіздің біліміңіз сізге – жүздеген есіктерді ашып, мыңдаған мүмкіндікке жеткізеді!

Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде Жастар саясаты департаментінің бастауымен «Тәуелсіздіктің Болашағына 30 қадам» атты жобаның аясында сәуір айының 5 – жұлдызы HR маманымен кездесу өтті. Кездесуге бұл жолы, Сағынбаева Асем, «Болашақ халықаралық стипендиясының иегері, Ұлыбританияның Лидс университетінің «Human resource management» (Адам ресурстарын басқару) мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған, қазіргі таңда елімізде беделді «RG Gold» компаниясының аға HR маманымен кездесу ұйымдастырылды.

Асем кездесуде студенттерге жұмысқа орналасу кезінде неге мән беру керек екендігін, білікті маман ретінде өз тәжирибесимен бөлісе отырып, қарапайым түйіндемені (резюме) қалай толтырған дұрыс, қандай ақпараттар көрсетілу керек, жаңадан жұмысқа орналасқанда алғашқы интервьюда өзіңді қалай ұстау қажет, HR мамандары неге назар аударатындығы жөнінде толық мағлұмат берді. Өз мамандығы жөнінде айқындап айтып қана қоймай, бұл мамандықты қалай таңдағандығын, қалай «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алғандығы жөнінде айта отырып, мотивацияға толы студенттермен қызықты сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында студенттер тарапынан «Қазіргі мамандығыңыз туралы аз ақпарат біліп оқуға түстіңіз деп айтып отырсыз, қорқыныш болдыма?», «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алдыңыз дегенде қандай сезімде болдыңыз?» «Көп жерлерде жұмысқа орналасқанда, жаңадан оқу орынын аяқтаға жас мамандардан еңбек өтілімін сұрап жатады сол кезде не айтуға болады?» «Сіз жұмысқа орналасамын деушілермен интервю жүргізген кезде, адамдардың қандай қасиеттеріне қарайсыз?» деген сияқты сұрақтар қойылды.

Кезедесуіміздің спикері «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтпқшы мен өз елімнің патриотымын! Шет елде оқып жүріп сол жақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі болды, алайда мен елімнің болашағын ойлап, әрі мен оқыған мамандықтың елімізде жақсы дамымағандығын ескере келе, еліме қызмет жасауды, өз біліміммен бөлісуді таңдадым. Адам қаласа барғында жасауға мүмкіндігі бар. Қазіргі студенттерге айтарым, белсенді болыңыздар, жаңашылдықтан қорықпаңыздыр! Білім алудан ақшаларыңызды аямаңыздар, болашақта сол алған білімдеріңіз сіздерге 100 - деген есіктерді ашып, 1000 – даған сіз қалаған заттарды алуға мүмкіндік беретін болады! «Тәуелсіздіктің Болашағына 30 қадам» жоба ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін!» деп сөзін аяқтады.