Главная Новости ҚазИТУ колледжінде «Зиянды әдет-жаһандық індет» атты студенттер арасында кездесу өтті
14 сәуір 2021                  319050
ҚазИТУ колледжінде «Зиянды әдет-жаһандық індет» атты студенттер арасында кездесу өтті

13.04.2021 жылы ҚазИТУ колледжінде «Асмед 2» медициналық орталығының интерн дәрігері М.А.Сайлауов мырзамен студенттерге «Зиянды әдет-жаһандық індет» атты кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың, темекі шегудің, алкогольдің және зиянды заттардың зардабы салдарынан қылмыс түрінің өршу себебі мен оның қандай жағдайға әкеліп соқтыратыны туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесудің басты мақсаты зиянды заттарды қабылдаудың қауіп-қатері жайын қозғау болды. Бұл тұрғыда мәселе тек түрлі қауіптерді хабарлауды ғана емес, салауатты өмір салтының мән-маңызын насихаттауға бағытталған еді.

Студенттер әңгімеге белсенді араласып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып отырды. Дәрігер маман зиянды заттардың зияны жайлы айтып қана қоймай, оларға қалай қарсы тұру керектігін және тәуелділік торына түсіп қалған адамдарға қалай көмектесу қажеттігін түсіндірді.

Қорыта келе, осы өткен кездесу студенттердің тыйым салынған заттардан аулақ болуына және оны қолданбауға, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтауға көмектесетініне сеніміміз мол.