Главная Новости ҚазИТУ –дағы «Ғылым күні»
14 сәуір 2021                  318915
ҚазИТУ –дағы «Ғылым күні»

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 12 сәуір – Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай оқытушы-профессорлық құрам, департамент басшылары, эдвайзерлер, студенттердің қатысуымен онлайн конференция өтті.
Конференцияны ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова кіріспе сөзімен ашып, барша ұжымды, ғылым саласында жүрген университет ғалымдарын «Ғылым күнімен» құттықтады. Өз сөзінде университетімізде соңғы жылдары ғылым саласының қарқынды дамып жатқандығын тілге тиік етіп, ғылым саласында жеткен жетістіктерге тоқталды.
Бүгінгі таңда Университетіміздің ғылыми-техникалық базасы жаңарып, студенттеріміз ғылыми- зертханаларда өз білімдерін арттырып, ғылыммен айналысуға мүмкіндік алғанын, студенттердің әр стартап идеяларын қолдау және іске асыруда бағыт-бағдар беретін «Бизнес инкубатор» ашылып, университетіміз халықаралық деңгейдегі әр түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырып әрі қатысып белсенділік танытып жүргендігін жеткізді. Және ҚазИТУ академиялық қалашықтағы ғылыми-зерттеу институттарымен белсенді жұмыс жасап, алда әр түрлі деңгейдегі ғылыми жобаларды іске асыру басты назарда екендігін атап өтті.

ҚазИТУ оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі Д.Б. Акпанбетов «Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына» сәйкес ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жоспарлар, атқарылатын жұмыстар мен күтілетін нәтижелерге тоқталды.
Даму бағдарламасы негізінде ҚазИТУ алдағы уақытта ғылыми-зерттеу қызметін жетілдірудің жоспарына ғылыми әлеуетті арттыру,университеттің ғылыми-зерттеу зертханалық базасын жаңғырту, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-инновациялық қызметін ұйымдастыру бойынша кластерлік тәсілді іске асыру,дамудың басым бағыттары шеңберінде іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту,білім алушылардың ғылыми әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау,өзінің ғылыми әзірлемелерін оқу процесіне енгізетін профессор-оқытушылар құрамын ынталандыру секілді мақсат-міндеттер қойып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ оқу жылындағы өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен басқа да іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Онлайн конференция барысында ҚазИТУ колледж директоры М.Х.Шалабаева колледжде 2020 – 2021 оқу жылындағы ғылым саласы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Халықаралық, Республикалық, қалалық деңгейдегі ғылыми жоба жарыстарына қатысқан студенттер мен оқытушылардың жетістіктерін айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.