Главная Новости "Жаһандау дәуіріндегі -Ұлттық құндылықтар" тақырыбында эдвайзерлік сағаттар өтті.
15 сәуір 2021                  318959
"Жаһандау дәуіріндегі -Ұлттық құндылықтар" тақырыбында эдвайзерлік сағаттар өтті.

«Жаһандану» ұғымы ағылшын тіліндегі «global» ұғымынан алынған, оны «әлемдік», «дүниежүзілік» деп аударуға да болады. Ал мағыналық тұрғыдан алғанда, бүкіл әлемді қамтыған, яғни құрлық шеңбері шектелмеген, әлемдік деңгейде жүріп жатқан қандай да бір іс-әрекетті білдіреді. Жаһандану – біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру үдерісіне ілесу дегенді де білдіреді. Осы жаһандану заманында ұлттық сананы қалай қалыптастыруға және дамытуға болады деген сұрақ туындайды. Осы тұста, Қазақстан инженерлік технологиялық университетінде «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбында, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, саналарына сіңіру мақсатында, эдвайзерлік сағаттар өтті.

Отыз жыл – тарих үшін қысқа болғанымен, халқымыз үшін ғасырға бергісіз жол болды. Ал Тәуелсіздік бізге оңай келмегенін, кейбір жас ұрпақ өкілдері тереңірек білгені жөн, деген ұстанымда университет қызметкерлері.
1-4 курстар арасында өткізілген эдвайзерлік сағаттарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық Инженерлік Академиясының Президенті, академик, және мемлекет және қоғам қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» атты мақаласы негіз болды.

Олар
• Бірінші құндылық- Тәуелсіздік және тарихи таным
• Екінші құндылық- Ел мен Жер
• Үшінші құндылық- Тіл,әдебиет және имандылық
• Төртінші құндылық- Тәрбие
• Бесінші құндылық- Білім мен біліктілік
Президент Қ.К. Тоқаев «...әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек» - деген.
Біз үшін ең алдымен, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, бірегей ұлттығымызды, ана тіліміз бен әдебиетімізді, ділімізді, дәстүрлі төл мәдениетімізді дамыту қажет екендігін дәйек етіп студенттермен эдвайзерлік сағаттарда насихатталды.
Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл-Фараби: «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Ұрпақ тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азаматтарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.