Главная Новости ҚазИТУ-да «Бос орындар жәрмеңкесі өтті»
08 апрел, 2017                  320905
ҚазИТУ-да «Бос орындар жәрмеңкесі өтті»
2017ж. 7-сәуірінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге Академқалашықта орналасқан ғылыми-зерттеу институттары, Алматы қаласы жұмыс беруші мекемелерінің оннан астам өкілдері қатысты. Шара барысында бітіруші түлектермен қатар студенттер көрмеге қатысып, пікір алмасып, резюмелерін беріп, жұмыс берушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Көрме жұмысын ҚазИТУ ректоры Н.М. Темірбеков құттықтау сөзбен ашып, университет түлектерінің жетістіктеріне тоқталды. Көрме жұмысы студенттер дайындаған музыкалық құттықтаулармен жалғасын тапты.