Главная Новости Определена победительница конкурса "Мисс КазИТУ"!
18 апреля 2021                  318885
Определена победительница конкурса "Мисс КазИТУ"!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚазИТУ оқу ордасының 20 жылдығына орай «ҚазИТУ Аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрге айналған сұлулық байқауы биыл онлайн форматта ұйымдастырылды. Жастар саясаты департаментті мұрындық болған, ҚазИТУ студенттері асыға күтетін байқаудың бірі - «ҚазИТУ аруы». Дәстүрге айналған бұл сайыс биыл тұңғыш рет онлайн форматта өтсе де, жастар белсене атсалысты. IV кезең бойынша өткен байқауға бірінші курс студенттері арасынан, ақылына көркі сай 30 ару өтініш білдіріп, ақтық сынға жолдама алған 7 қыз сұлулық пен парасаттылықтың тәжіне таласты.

I кезең «Фото сайыс» аруларымыздың қазақи нақышта түскен фото – суреттері әлеуметтік желіге жарияланып, дауыс беру жүргізілді.
II кезең «Кел ҚазИТУ-ға!» атты оқу ордаға талапкерлерді шақыру бейнеролик түсіру. Бұл кезеңде қыздардың креативті ойлары, кәсіби біліктіліктері, өздерін видеода ұстауы, жарнамалық видеоларының сапасына қарай сайысқа түсті.
III шығармашылыққа ден қойған кезеңде қыздар бірі әуелетіп ән салса, бірі мың бұрала билеп, аспаздық шеберліктерін көрсетті.
IV кезеңде аруларымыздың білімдері таразыға салынып, салт – дәстір, әдебиет, тарихты қамтитын сұрақтар қойылды.

Сайысқа қатысқан арулардың шығармашылық қабілеті, білімдері, сайысқа деген дайындықтары, сөйлеген сөздері де қазылар алқасының назарынан тыс қалған жоқ.
Финалдық кезең онлайн платформада, университет басшылығының, оқытушы-профессорлар құрамы студенттер мен ата-аналардың қатысуымен өтті. Университет ректоры Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы қатысушы қыздарымызға тілегін арнап, сәттілік тіледі. Және қазылар алқасының мүшелері эстрадамыздың белгілі әншісі Мұхтар Ханзада қыздардың дайындығына баға беріп, ізгі тілегін арнаса, фотограф Самғат Байсерке жеңімпаз қызға тегін фотосессия ұйымдастырып беретіндігін жеткізді.

Барлық кезеңдер қорытындысы бойынша, жоғары ұпай санымен Алибек Айдана «ҚазИТУ аруы-2021» атанды. Байқауға белсенді қатысып, әр кезеңде өзінің креативті жұмыстарымен көзге түскен Сейдахмет Анеля «Вице мисс» атағын жеңіп алды. Байқаудың жүлделі 3-орнын қазақтың қара домбырасымен ән шырқап, әлеуметтік желіде көрермендер көзайымына айналған Байғазы Дильназ еншіледі.