Главная Новости Ақын Ақберен Елгезекпен кездесу
20 сәуір 2021                  318917
Ақын Ақберен Елгезекпен кездесу

20.04.2021ж ҚазИТУ колледжінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері, ақын Ақберен Елгезекпен онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттер ақынның өлеңдерін оқып,  шығармашылығымен танысып, сұрақтарын қойды. Жас ақын өзінің өмір жолын, шығармашылыққа, ақындыққа қалай келгендігін және шабытты қайдан алатынын айтып, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Онлайн қонағымыз болған Ақберен Елгезекпен кездесу өте әсерлі өтті. Сөз соңында ақын студенттерге тілек білдіріп, ақыл-кеңесімен бөлісіп, оқу-шығармашылық жолында талай іздену керек екендігін баса айтты.