Главная Кафедры Инженерия компьютерных, автоматизированных и телекоммуникационных систем Новости кафедры ҚАЗИТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ
27 апрель, 2017                  318643
ҚАЗИТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары 6 сәуір күні таңғы сағат 9.00-дан 13.00-ге дейін Талғар аудандық Политехникалық колледжін бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп, кең бағдарлама бойынша: мамандықтар бойынша мастер –класс; кездесу; сұрақ-жауап; презентациялық материалдармен лекция – семинар жүргізді.

Буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.


Бітіруші колледж студенттеріне университетіміздің жаңашаланған сайтымен таныстырылып, университет туралы ақпараттармен қамтамасыз етілді. 8-сәуір күні өтетін ҚазИТУ-дың «Ашық есік күніне» шақырылды.


ҚазИТУ ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысы әрі қарай жалғасын таппақ.