Главная Новости Студенттер арасында информатика пәнінен интеллектуалдық сайыс өтті
22 april 2021                  318925
Студенттер арасында информатика пәнінен интеллектуалдық сайыс өтті

ҚазИТУ колледжінде информатика пәнінің оқытушысы Ж.Ә.Сатынтайдың ұйымдастыруымен «Ойлан, тап!» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - студенттердің пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, информатика пәні бойынша білімдерін тереңдету, студенттердің логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту арқылы студенттер арасынан ең үздігін анықтау. Бұл сайысқа әр түрлі мамандықта оқитын студенттер қатысып, өз бақтарын сынады.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

  1. Quizizz – тест сұрақтары;
  2. Сөзжұмбақ;
  3. Сәтті шеңбер.

Жарыс ережесі бойынша үш кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғарғы ұпай жинаған қатысушы жеңіске жетеді. Ұпайларын есептеп, әділ бағасын беруші төрешілер: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – О.М. Төленді, ағылшын пәнінің оқытушысы – Ж.Н. Нұрқасым болды. 

Интеллектуалдық ойынның қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, І-орын алған 1-курс «ЕТжБҚЕ» мамандығының студенті Хапез Досбол болды. ІІ-орынды – «РжБ» мамандығының студенті Жақсыберген  Мирас алса, ІІІ-орынды – «СМС» мамандығының студенті Жекен  Айнұр иеленді.