Главная Новости «JAS TῨRIST - IIІ» Республикалык эко–этно жобалар байқауы өтті
23 april 2021                  318988
«JAS TῨRIST - IIІ» Республикалык эко–этно жобалар байқауы өтті

2021 жылдың 20-23 сәуір күндері, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «JAS TῨRIST - IIІ» Республикалык эко–этно жобалар байқауын өткізді.

Байқауға Нұр-Сұлтан,  Ақтау, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Текелі, Алматы  қалаларынан Туризм мамандығы бойынша мамандар дайындайтын колледждер қатысып, 14 жоба ұсынылды. Байқау: Қазақ туризм ұлттық компаниясы, Қазақстан туризм Ассоциациясы, Салалық қауымдастықтар мен Кәсіптік білім беретін оқу орындарының одағы, Алматы қаласының білім басқармасы және Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті. 

Топ жарып 14 жобаның ішінен 3-орынға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжі ие болды. Колледж атынан «Туризм» мамандығының 3-курс студенттері Шингисбек Балымай, Болат Мөлдір, Зарқынова Айдана, Құдайберген Ғазиза қатысты. Жетекшілік еткені үшін арнайы пәндер оқытушылары Т.Ж. Тұтқышбаеваға және Ю.А. Сунчалиеваға алғыс хаттар берілді.

Қатысып, жүлделі орынға ие болған студенттерді және оқытушыларды құттықтаймыз!